Энтеровирус жұқпасын алдын алу!

Энтеровирус жұқпасы — энтеровируспен таралатын аурудың бір түрі. Серозды менингит энтеровирус жұқпасының ауыр түрі саналады. Аурудың көбінесе жазғы, күзгі мерзімдерінде тіркелетіні анықталған. Серозды менингит ауруына көп жағдайда мектеп оқушылары мен 19–39 аралығындағы жастар шалдығады.

Жұқпаны таратушы — сырқаттанған және вирусты тасымалдаушы адамдар.

Серозды менингит — мидың жұмсақ қабығындағы жедел қабыну процесі. Оның себебі вирустар (шамамен 80 % жағдайда), сондай-ақ бактериялар мен саңырауқұлақтар болуы мүмкін. Вирусты серозды менингиттің қоздырғыштары көбінесе — энтеровирустар.

Ауру әлдеқайда ересектерге қарағанда балаларды жиі зақымдайды.

Энтеровирус жұқпасы — қарым-қатынас арқылы өте тез таралатын ауру. Ол үш жолмен таралады. Ауа-тамшы жолдары, қарым-қатынас кезінде және су арқылы жұғуы мүмкін. Бірінші жағдайда жұқпа ауа арқылы сырқаттанған адамдардан жөтелгенде, түшкіргенде жұғады. Сондай-ақ, жуылмаған көкөністер мен жемістерді, жылумен өңделмеген азық-түлік тағамдарын қолданғанда, қайнатылмаған суды ішкенде, не болмаса, жұқпа таралған тұрмыстық бұйымдарды пайдалану арқылы жұқтыру қаупі бар. Су арқылы таралуы көбінесе жаз айларында ашық суатта шомылған жағдайларда кездеседі.

Серозды менингитке қандай симптомдар тән?

Бұл ауру үшін «жіті басталу» тән: дене қызуы 40 C дейін көтерілуі, күшті бас ауруы, ағзаның уыттану белгілері — бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну, әлсіздік, жүрек айну, құсу. Бас тұрақты қатты ауырады, басын қимылдатқанда, жарық түскенде, өткір дыбыстармен немесе шуылмен естілгенде күшейеді. Серозды менингитке тән науқастың белгісі басын артқа тастап, аяқтарын бауырына жинап жатады.

Серозды менингитке күдік туындаса не істеу керек?

Менингитке кез келген күдік болғанда шұғыл түрде «жедел жәрдем» шақыртып, науқасты ауруханаға жатқызу керек. Серозды менингиттің қоздырғышы жиі вирустар болғандықтан, бұл жағдайларда антибиотиктерді қолдану орынсыз. Алайда, кейбір жағдайларда олар диагнозды түпкілікті белгілегенге дейін тағайындалады. Одан әрі вирустық менингит вирусқа қарсы дәрілердің көмегімен емделеді.

Серозды менингиттің алдын алу үшін қарапайым сақтық шараларын сақтаған дұрыс!

Бұл ретте әсіресе, балаларға көңіл бөлген жөн. Жұқпаның клиникалық белгілері пайда болған кезде бірден медициналық көмекке жүгіну керек екендігін қатаң ескертеміз.

  • Әрине, белгілі бір қауіпсіздік шараларын сақтау кезінде серозды менингит жұқтыру ықтималдығын төмендетуге болады;
  • Иммунитетті нығайту (денені шынықтыру, спортпен айналысу, жиі серуендеу);
  • Арнайы рұқсат етілген орындарда шомылу керек. Тыйым салынған жерде шомылуға болмайды. Серозды менингиттің өршуі кезінде жаппай іс-шараларға, адамдар көп жиналатын жерлерге баруға, сондай-ақ ашық су айдындарында шомылуға болмайды;
  • Қайнатылған немесе тазартылған суды ішу, көкөністер мен жемістерді тазартып, қайнаған сумен жуу қажет. Сонымен бірге, қолды күнделікті жақсылап жуу, жеке бас гигиенасын сақтау сынды шаралар бұл ауруды жұқтырмауға септігін тигізеді;
  • Жеке гигиена ережелерін үнемі сақтау керек, дәретханадан кейін және тамақ ішер алдында қолды мұқият жуу керек;
  • Жеміс-жидек пен көкөністерді қолданар алдында әрқашан жуу керек, мүмкіндігінше жеміс-жидектер мен жемістерді қайнаған сумен шаю қажет;
  • Энтеровирустық аурудың белгілері пайда болған адамдармен байланыс жасамау.

Ж. Ж. Беркимбаева, Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық санитариялықэпидемиологиялық ақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы