Емханалар штаттық режимде жұмыс істейді

Жаңаөзеннен басталған бейбіт митингінің соңы Алматыдағы жаппай тәртіп бұзушылыққа ұласты. Соның салдарынан елде төтенше жағдай жарияланды. Интернет пен бірнеше ұялы оператор уақытша жұмысын тоқтатты. Осыған байланысты басқарма басшылары шұғыл түрде өңірлік коммуникациялар алаңында баспасөз маслихатын өткізді.

Облыста енгізілген төтенше жағдайға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады. Жедел жәрдем қызметі 103 нөмірінде қоңырауларды қабылдайды. Станционарлық бөлімдер тәулік бойы науқастарды жоспарлы және шұғыл қабылдау жүргізіп жатыр. Емханалар штаннық режимде қабылдау жұмыстарын жүзеге асыруда. Мереке және демалыс күндердегі жұмыс тәртібі сағат 8:00-ден 15:00-ге дейін қабылдайды.