Ем алу жеңілдейді
Емханалар мен стационарлардағы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық стандарттарға сай диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді. Бұл жоспарлы түрде ауруханаға жататын науқастардың «жұмысын» айтарлықтай жеңілдетеді.
Мәселен, жаңа стандартқа сәйкес бірқатар зертханалық аспаптық зерттеу нәтижелерінің жарамдылық мерзімі 10 күннен 14 күнге дейін, 1 айдан 6 айға дейін ұзартылды. Бұл ауруханаға жату дайындық үдерісін айтарлықтай қысқартуға сеп. Жалпы тізімде стационарлық жағдайда науқастарды емдеуге қажет негізгі 13 зерттеу анықталды.
Диагностикалық рәсімдерді стандарттау мен оңтайландыру қажетсіз шығындарды, халықтың қалтасынан шығатын ақшаны азайтуға бағытталған. Ол өзгерістер медицина ресурстарын тиімді пайдаланып, жүктемені азайтуға ықпал етеді.
Құралай КӨБЕНОВА, «QH»