ЕЛІМІЗДЕ ХАЛЫҚ САНАҒЫ ӨТЕДІ

Халық санағы – белгілі бір уақыт кезіндегі жағдай бойынша респонденттерді сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинау (респонденттерге жаппай сауал салу арқылы), өңдеу және алынған ақпаратты, статистикалық көрсеткіштер жүйесін және олардың талдауын қалыптастыру, халық туралы агрегатталған (иесіздендірілген жиынтық) деректерді бағалау және тарату процесін қамтитын арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау.


2020 жылғы халық және тұрғын үй қоры санағын жүргізу бойынша БҰҰ еуропалық статистиктер конференциясының ұсынымдарына сәйкес «Халық санағы» «барлық халықтың әлеуметтік және демографиялық сипаттамаларының жиынтығы бойынша ақпаратпен қатар елдің аумағында және оның ең кіші географиялық бірліктерінде тұратын халық санын уақыттың тұрақты интервалы арқылы ресми есепке алуды (немесе бақылап салғастыруды) жүргізуге мүмкіндік беретін іс-шара» ретінде айқындалады.
Халық санағының қорытындылары жалпы ел бойынша, қалалық және ауылдық жерде және өңірлік бөліністе жынысы мен жасы, неке жағдайы, ұлттық құрамы, азаматтығы, ұстанатын діні, білім деңгейі, тілдерді меңгеруі, үй шаруашылықтарының (және отбасылардың) саны мен көлемі, тұрғын үй жағдайлары және басқа да сапалық және сандық белгілері бойынша халық санының құрылымындағы өзгерістер сияқты халықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуында өткен 10 жыл ішіндегі Қазақстан Республикасында болған экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді.
Санақ нәтижелері үй шаруашылықтарының жағдайларын, некелік-отбасылық қатынастарды жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу үшін, сонымен қатар білім, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау үшін қажет.