Елімізде 500 мыңға жуық адам ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысады

Қазақстанда ұлттық спорт түрлерінен 8 спорт клубы және 13 спорт мектебі жұмыс істейді. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде 500 мыңға жуық адам айналысады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев мәлімдеді.


«Мемлекет тарапынан ұлттық спортты дамыту мақсатында білім беру ұйымдарында ұлттық спорт түрлерін міндетті компонент ретінде енгізу үшін «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына өзгеріс енгізілді. ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізімінің ұлттық спорттың төрт түрі енгізілді, олар — асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және саятшылық», — деді С. Ерғалиев.