Елдос Қилымжанов қамалғандар туралы ақпарат берді

«ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ресми мәлімдемесі» баспасөз-конференциясы

Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов: «Бас прокуратура еліміздегі орын алған лаңкестік әрекеттердің мән-жайларын және себептерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
⚖️ Бүгінге, жедел тергеу топтарымен 819 қылмыстық іс тергелуде, оның ішінде 45-і терроризм актілерімен, 36-ы жаппай тәртіпсіздікпен, 15-і адам өлтіру деректерімен.
     Сонымен қатар, ұрлық, тонау, қаруды жымқыру, билік өкіліне қатысты күш қолдану фактілерімен қылмыстық істер тергелуде.
Бұл істер бойынша 970 күдікті қамауға алынып, олардың ішінде 182-сі соттың санкциясымен күзетпен ұстауға алынған, 29-на қатысты үйқамақта ұстау түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған.
⛓ 464 адам терроризм және жаппай тәртіпсіздік істері бойынша ұсталынды».