Елдос Қилымжанов: Қаңтар айындағы оқиғалар кезеңінде жасалған қылмыстарды тергеу жұмыстары жалғасады

ҚР Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов: «Бас прокуратура қаңтар айындағы оқиғалар кезеңінде жасалған қылмыстарды тергеуді және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
✔️ Барлығы 3 096 сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

Негізінен бұл меншікке, бұзақылыққа және қаруды ұрлауға қарсы қылмыстар.

✔️Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері бойынша 181 іс тергеуде».

«ҚР Бас Прокуратурасы мен ҚР ІІМ ресми мәлімдемесі» баспасөз-конференциясы