Елде референдум бойынша дауыс беру аяқталды
Сағат 20:00-де Қазақстанда барлық сайлау учаскелері жабылды.

18:00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 845 280 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 70,98 пайызын құрады.
Ал, шетелде Қазақстан азаматтары дауыс беруді жалғастыруда. Референдум бойынша 54 елде орналасқан 71 учаске бар. Референдум учаскелерінде дауыс беру үдерісі Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-ден бері жүргізіліп келеді. Уақыт айырмашылығына байланысты сағат 19:00-ге дейін шетелдегі барлық учаскелер ашылып, оның 14-і жабылып үлгерді. Осыған дейін келіп дауыс бергендер саны 9050 адамды құрады. Сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 64 учаске өз жұмысын аяқтайды.
Дауыс беру ең соңында Қазақстанның Сан-Францискодағы Бас консулдығы жанындағы учаскеде аяқталады. Ол Астана уақыты бойынша 16 наурыз күні сағат 08:00-де жабылады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz
