Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшесі № 48 мектеп оқушыларымен онлайн кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшесі, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Камали Жібек Камалиевна Қарағанды қаласының № 48 мектеп оқушыларымен онлайн кездесу өткізді.
«Екпе адамның жеке қорғанысын қалыптастырады, аурудың пайда болуына жол бермейді»— деп түсіндірді штаб мүшесі.
Өзіңізді және жақындарыңызды қауіп-қатерге ұшыратпау үшін екпе алу қажет. Екпе екі кезеңде өтеді, екінші рет 21 күннен кейін екпе алу керек. Қабылдауда өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.
Кездесуде оқушылар тарапынан коронавирустық инфекция және екпе туралы сұрақтар қойылып, қатысушылар толыққанды жауап алды. Кездесуге барлығы 150 оқушы қатысты.