«Ел үшін егілемін» азаматтық штабы № 45 гимназиясының ата-аналары және оқушыларымен кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшесі, облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығының жалпы практика дәрігері-интерн Әбілжанов Дарын Ғалымұлы Қарағанды қаласының № 45 гимназиясының ата-аналары және оқушыларымен коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алу және вакцинация алу бойынша кездесу өткізді.
Спикер «Өзіңізді және жақындарыңызды қауіп-қатерге ұшыратпау үшін екпе алу қажет. Екпе екі кезеңде өтеді, екінші рет 21 күннен кейін алу керек. Жасөспірімдерді екпеден өткізуге мектептердің медициналық кабинеттерінде және емханалар жанындағы екпе орталықтарында ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің хабардар етілген жазбаша келісімімен ғана рұқсат етіледі»-деп атап өтт штаб мүшесі.
Егер баланың аллергиясы болса, онда ол осы фактіні растайтын анықтама әкелуі керек.
Кездесуде коронавирустық инфекция және екпе туралы сұрақтар қойылды, онда қатысушылар толық жауап алды. Кездесуге барлығы 170 оқушы пен ата-ана қатысты.