Екпе тақырыбында тікелей эфир өтті
Бүгін инстаграмдағы өзінің ресми парақшасында тікелей эфирде «№3 емхана» КМҚК директоры, қалалық мәслихатының депутаты Боранқұлова Сәния Нұртасқызының қатысуымен екпе тақырыбында тікелей эфир өтті.
Тікелей эфир барысында емхана директоры екпе түрлері, екпе тәртібі туралы нұсқаулар беріп, екпе өндірісі, ықтимал жанама әсерлер, қауіп факторлары және ағзаға әсері туралы түсінік берілді.Эфир қатысушылары белсенді түрде сұрақтар қойып, алған пайдалы ақпараттары үшін алғыстарын білдірді. Барлығы 115 адам қатысты.