Екпе қоры жеткілікті ме?

Өткен тәулікте елімізде 756 азамат коронавирус індетінен жазылып шықты. Жұқпалы дертті жеңгендер арасында 61 азамат Қарағанды облысы аумағында тұрады екен.

Мамандардың айтуынша, жұқпалы індеттің алдын алудың басты амалы – екпе. Бүгінде елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялауда қиындық жоқ. Азаматтарға вакцина таңдау еркіндігі берілген. Сондай-ақ жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға арналған «Pfizer» вакцинасының жеткілікті қоры бар.

2022 жылғы 06 қыркүйектегі дерек бойынша, елімізде «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 238 925 адам, ІІ дозасын 1 199 700 адам салдырды. Оның ішінде І компонентімен 874 507 жасөспірім, 41 632 жүкті әйел және бала емізетін 145 456 ана қамтылған. Ал ІІ компоненті 860 020 жасөспірімге, 39 502 жүкті әйелге және бала емізетін 142 034 анаға салынған.