ЕКПЕ КІМГЕ МІНДЕТТІ?

Еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа Қаулы жария етті. Оған сәйкес, міндетті вакцина салдыру мерзімі бекітілді. Бас санитарлық дәрігер міндетті вакцинаның бірінші компоненті 2021 жылдың 10 тамызына дейін, екінші компоненті 1 қыркүйекке дейін салынып бітуі керек екенін жазған.

Құжатқа сәйкес, профилактикалық егулерге тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндеттелмейді.

«Коронавирусқа қарсы вакцинацияға тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсеткіштің болуы туралы анықтаманы жергілікті дәрігер (ол болмаған кезде фельдшер) жұмыс орнына ұсыну үшін береді (қажет болған жағдайда). Бұл жағдайда диагноз пациенттің келісімімен көрсетіледі», — делінген Жарлықта.

Қаулы 2021 жылдың 15 шілдесінде күшіне енді.

Ал қызметкерлерін тек вакцина алған жағдайда ғана штаттық режимде жұмысқа шығаратын мекемелердің тізімі мынадай:

  1. Қызмет көрсету обьектілері: — Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттықсауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/ кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі орталықтар, өзге де нысандар.
  2. Сауда обьектілері: — Сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер.
  3. Мәдениет және демалыс объектілері: — Музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары.
  4. Қонақүй қызметі: — Қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар.
  5. Жолаушылар тасымалы: — Әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері.
  6. Білім беру және тәрбиелеу ұйымдары: — Мектептер мен балабақшалар, ересектер мен балаларға арналған оқу-өндірістік комбинаттары, басқа да мектептен тыс ұйымдар.
  7. Санаторлы-курорттық және сауықтыру мақсатындағы нысандар: — Санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар.
  8. Қоғамдық тамақтану орындары, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын нысандар, стрит-фудтар.
  9. Барлық үлгідегі медициналықәлеуметтік объектілер: қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары.
  10. Денсаулық сақтау ұйымдары: оның ішінде зертханалар, дәріхана ұйымдары.
  11. Тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілері: – Сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу ұйымдары, авариялыққұтқару қызметтері, пәтер иелері кооперативтері және мүлік иелерінің бірлестіктері.
  12. Экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар: – Демалыс және ойын-сауық ойын нысандарының (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/ саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/ нүктелер және басқалар.
  13. Байланыс және телекоммуникация нысандары.

Қарағанды облысының Бас санитариялық дәрігерінің №26 қаулысына сәйкес, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалардың қызметкерлері, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері үшін COVID-19-ға қарсы вакцинациялау бірінші компонентпен ағымдағы жылғы 10 тамызға дейін, ал екінші компонентпен 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін – (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID19-мен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) етіп мерзімдері ұзартылды.

— Вакцина – COVID-19 инфекциясына қарсы күресудің бірденбір тиімді тәсілі. Ол ұжымдық иммунитетті қалыптастырады, өзіңізді, жақындарыңызды және екпе салынбайтын адамдар санатын қорғайды. Сонымен қатар, вакцин алу — коронавирус инфекциясының таралуын және оның мутациясын тоқтатудағы ең қауіпсіз жол.

Қазіргі уақытта Қазақстанда вакциналауды жүргізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау адамды аурудың ауыр ағымынан және қауіпті асқынулардан, өлімнен қорғайды. Сол себепті вакцина алу арқылы біз өзімізді, жақындарымызды, қоғамды індеттен сақтай аламыз, — дейді Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Шатекова Айгүл Сансызбайқызы.

Аружан АЛПЫСБАЙ, «QH»