Екпе – денсаулық кепілі!
Екпе – миллиондаған адам өмірін құтқаратын медицина ғылымының күмәнсіз жетістігі болып табылады. Екпелер медицинаның қазіргі даму этапында нәтижелі емі табылмаған ауруларға қарсы жасалған.
Вакцинопрофилактика өмір сүру ұзақтығының артуына, бала өлімінің төмендеуіне айтарлықтай ықпал етеді. Вакцинация жасына қарамастан бәріне қажет. Қазір көптеген адамдар балалық шақта бір рет жасалған көптеген вакцинацияларды өмір бойы қайталау керек екенін білмейді. Вакцинацияланған адамдардың есебінен ұжымдық иммунитет қалыптасады, бұл инфекцияның таралуына және эпидемияның пайда болуына кедергі.
Екпенің нәтижелі бағдарламасы арқасында әлемнің көптеген елі егілу көмегімен алдын алатын жұқпалы ауралардың бұрқ ету салдарларын сезінген емес. Осының нәтижесінде халық арасында бейқамдылық сезімі пайда болды. Төмен сырқаттанушылық жағдайында кейбір адам екпені аурудың өзінен қауіпті деп есептейді. Қазіргі кезде бұл жағдай біздің мемлекетте де орын алған және халықтың бұқаралық ақпарат құралдарынан ғылыми дәлелі жоқ ақпараттар алуының арқасында өршіп келеді. Халықаралық байланыс, туризм, еңбек миграциясы дамыған қазіргі әлемде кез келген жұқпалы аурулардың таралу қаупі өте жоғары.
Қазақстан Респуликасының профилактикалық егу Ұлттық күнтізбесі ДДҰ ұсыныстарына сәйкес келеді, Австрия, Израиль, Бельгия, Великобритания, Германия, Түркия, Жапония сияқты дамыған елдердің иммунизациялау күнтізбесіне ұқсайды. Батыс еуропалық елдердің профилактикалық егулері бойынша күнтізбелері желшешекке, ротавирусты инфекцияға, адам папилломасының вирусына қарсы қосымша вакцинациялау жүргізіледі.
Біздің Ұлттық егу күнтізбесі бойынша сәбидің алғашқы күндерінен-ақ басталады. Бала туылған сәттен бастап (гепатит В және туберкулез дертінен) екпе жасатқан жөн, өйткені сәби сондай инфекцияларға мүлдем қорғаусыз дүниеге келді. Басқа жағдайларда, мысалы, туғаннан кейін 6-12 ай өткеннен кейін, қызылша мен қызамық ауруларына антиденелердің концентрациясы азаяды. Сондықтан балаға 12 айдан бастап қызылша мен қызамық ауруларына екпе егу керек. Вакцинация қаншалықты ерте басталса, соншалықты сәби инфекциялық ауруларға шалдықпай, оның иммунитеті өңделеді.
Кейбір ел профилактикалық егулері болмаған жағдайда кіруге тыйым салады. АҚШ-тың, Англияның оқу орындарында оқу үшін барлық профилактикалық егулердің міндетті түрде болуын талап етеді. Сауд Аравиясына кіру үшін діни парызын атқарушыларына менингококты инфекциясына қарсы, Бразилияға, Боливияға, Колумбияға, Кенияға және африкалық контитентінің өзге елдеріне бару үшін сары қызба дертінен вакцинасының болуын талап етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №102 қаулысымен медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жоспарлы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесіне өзгерістер енгізілді. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жоспарлы профилактикалық егулердің тізбесі адам папиллома вирусынан туындаған ауруға қарсы вакцинациямен толықтырылды.
Бұл өзгерістер Қазақстанда онкологиялық аурулардың өсуін ескере отырып енгізілді, бұл ретте қатерлі ісіктердің құрылымында жатыр мойны обыры 25 жастан 44 жасқа дейінгі әйелдерде екінші орында тұр. Жыл сайын әлемде жатыр мойны обырының 600 мыңға жуық жағдайы және сол аурудан 300 мың өлім жайттары тіркеледі.
Қазақстан Республикасы толық мемлекет бюджетінің есебінен екпе жасайтын елдердің біріне жатады. Қазақстан Республикасының алдын алу екпесінің Ұлттық күнтізбесінде 11 жұқпаларға қарсы екпе жүргізіледі: В гепатиті, туберкулез, күл, сіреспе, сал, қызылша, қызамық, көкжөтел, эпидемиялық паротит, пневмококкты және гемофильді инфекция. Екпелер тек жеке өзінің денсаулығы үшін ғана емес, сонымен қатар қоғам саулығы үшін іске асырылады (ауруға шалдыққан тұлға инфекция көзі болып, айналасындағылар үшін қауіпті болып табылмақ. Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін тұрғындарды иммунизациялауға тиісті 95% тұрғындарына екпе жасату қажет. Тұрғындардың иммунизациялаумен толық қамтылмауы инфекциялық аурулар ошағының өршуіне соқтыру мүмкін, Қазақстан Респуликасының әр азаматы тек жеке өзінің ғана денсаулығын ғана ойлап күтпей, жалпы ұлттың саулығын көздеуі керек.
Егер де сіз бүгінгі күнге дейін егілмеген болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға жүгініңіз.
Екпе барлық халыққа бірдей ақысыз және қолжетімді!
Егілуден бас тартпаңыздар, егілудің арқасында өздеріңізді және жақындарыңызды, балаларыңызды жұқпалы аурудан сақтайсыздар.
Н.М.АЙМАҒАНБЕТОВ,
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының СЭББ басшысы
Ж.Ж.БЕРКІМБАЕВА,
бөлім басшысы

