Екпе — денсаулық кепілі

Қазіргі уақытта Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделі деп бағаланып отыр. Тамыз айындағы науқастардың жас құрамын талдау барысында коронавирустық инфекция 60 жастан асқан адамдар арасында жиі тіркеліп жатқаны анықталды.

Коронавирустың таралу динамикасын ескере отырып, ағзаны алдын-ала дайындап, ішінара иммундық қорғаныспен қамтамасыз еткен жөн.

Вакцинация — елдің эпидемиологиялық қауіпсіздігінің негізі, инфекциялық ауруларға қарсы күрестің тәсілі. Дүниежүзінде вакцинация инфекцияларға қарсы күрестің неғұрлым тиімді, экономикалық тұрғыда үнемді және қолжетімді құралы ретінде танылған.

Екпе — миллиондаған адам өмірін құтқаратын медицина ғылымының күмәнсіз жетістігі болып табылады. Екпелер медицинаның қазіргі даму этапында нәтижелі емі табылмаған ауруларға қарсы жасалған. Екпе сырқаттанушылық пен өлімжітім деңгейін қауіпсіз және нәтижелі төмендету дәлелі. Сондықтан да жұқпалы аурулардың алдын алу денсаулық сақтау жүйесінде басты бағыт болып қалады. Алайда, екпенің нәтижелілігі екпемен уақытылы және толық қамтылуға байланысты. Екпеден жаппай бас тарту әлемнің әртүрлі елдерінде қауіпті эпидемиялық салдарларға алып келді.

Қазіргі кезде бұл жағдай біздің мемлекетте де орын алған және халықтың түрлі дерек көзінен ғылыми дәлелі жоқ ақпараттар алуының арқасында өршіп келеді. Вакцина салдырған әрбір адам білуі керек ең маңызды нәрсе – екпе инфекциядан, аурудың ауыр ағымынан, коронавирустан болатын өлімнен қорғайды.

Әрбір адамның екпе алуы жұқпалы аурулардың алдын алу мен өмірін қорғауда үлкен маңызға ие. Халықаралық байланыс, туризм, еңбек миграциясы дамыған қазіргі әлемде кез келген жұқпалы аурулардың таралу қаупі өте жоғары. Ондаған миллион адам өмірін қиған тырысқақтың, табиғи шешектің, обаның жойқын эпидемиясы барлығының есінде. Сондықтан да ертеден адамдар жұқпалы аурулардан нәтижелі қорғану заттарын іздеуге тырысқан.

Вакцинация- бұл коранавирустық инфекцияның алдын алудың жалғыз жолы, биоқауіпсіздік ережелерін сақтаумен қатар пандемиямен күрестегі басым бағыт. Халықты вакцианмен қамту 70%-дан төмен болмауы тиіс, тек осылай ғана біз вирустың берілу тізбегін үзе аламыз. Вакцинация – өзіңізді және жақындарыңызды COVID-19 жұқпалы індетінен қорғаудың ең тиімді әдісі.

Н.АЙМАҒАНБЕТОВ Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның СЭҚБ басшысы