Екпе алу мен аурулардың тарихы

Екпе алу мен аурулардың тарихы

Шешек
Тек ХХ ғасырда ол 300 миллион адамды өлтірді.
Бірақ осыдан 40 жыл бұрын оның үстемдігіне түпкілікті нүкте қойылды: 1980 жылы 8 мамырда ДДҰ: «Әлем және Жер бетіндегі барлық халықтар шешек ауруын жеңді» деп жариялады.

Полиомиелит
Полиомиелитке қарсы күрес – ол адамзатқа белгілі ең қорқынышты инфекциялардың бірін вакцина көмегімен қалай жеңгендігінің жарқын мысалы.

Сіреспе
Сіреспенің қоздырғыштары күнделікті әрқайсымыздың маңайымызда жүр және оны толығымен жеңеміз деп үміттенбеуге де болады. Сондықтан вакцина жүргізу қажеттілігі өте маңызды: вакциналау – бұл өлімге әкелетін аурудан қорғанудың маңызды әдісі.

Қызылша
Жоспарлы иммундаудың арқасында біз көптеген жұқпалы және қауіпті ауруларды ұмыттық. Алайда, босаңсуға әлі ерте: егер вакциналаудан бас тарту салдарынан топтық иммунитет төмендесе, қорқынышты індеттер қайта оралуы мүмкін.

Ал қазір біздің планетамызды жаңа вирус — Covid-19 орап алды.
Бұл ауруды жеңудің жалғыз және сенімді тәсілі – екпе алу.

@stopcov