Экономика және статистика колледжі студенттері арасында кездесу өтті

Бүгін а.ж. 14 ақпан күні ақпараттық-түсіндіру тобы Қарағанды қаласының Экономика және статистика колледжі студенттері арасында Covid-19 қарсы екпесі туралы кездесу өткізді. Кездесу барысында екпенің қажеттілігі, мерзімі, дәрігерлердің екпе кезіндегі іс-әрекеттері, Covid-19 қарсы екпе, коронавирусты алдын алу туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу барлығы 30-ға жуық адам қатысты.