«Ең үздік аққала» байқауы
Қарағанды қаласының Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы қала тұрғындарын «Ең үздік аққала» атты қысқы байқауға қатысуға шақырады.
Байқау шарттарына сай қатысушылар Орталық саябақ аумағында қардан мүсін жасауы тиіс. Оның биіктігі бір метрден кем болмауы керек. Мүсінді кез келген нәрсемен безендіруге болады. Байқауды ұйымдастырушылар қатысушылардың қиялын шектемейді.
Дайын қар мүсінімен суретке түсіп, суретті Instagram-да жариялау керек. Суреттің астында пішіннің нақты орналасқан жерін және оның қысқаша сипаттамасын (атауы, идея авторы, байланыс нөмірі) көрсету қажет. Сондай-ақ Қарағанды саябақтары мен гүлбақтары басқармасының @park.krg аккаунтын міндетті түрде белгілеу керек.
Қатысушылар саны шектеусіз, қалауыңызша бірнеше аққала жасауға болады!
Ең ерекше және шығармашылық мүсіндер иелері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қосымша сұрақтар бойынша @park.krg аккаунтын жеке хабарлама жазып байланысуға болады.
Қиялыңызды көрсетіп, қысқы мерекелік көңіл-күй сыйлаңыз!
Қарағанды қ. Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының ақпараты негізінде