“Қарағанды техника-құрылыс колледжі” КММ студенттері арасында екпе туралы кездесу өтті

Бүгін а.ж. 18 ақпан күні ақпараттық-түсіндіру тобы Қарағанды қаласының “Қарағанды техника-құрылыс колледжі” КММ студенттері арасында екпе туралы кездесу өткізді. Кездесу барысында екпенің қажеттілігі, мерзімі, дәрігерлердің екпе кезіндегі іс-әрекеттері туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Барлығы 45 адам қатысты.