Дін және жастар

Қарағанды техникалық университетінің ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандағында білім алып жатқан студенттермен университеттің рухани адамгершілікке тәрбиелеу бойынша Кеңес төрағасының орынбасары, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Түсіпбеков Жарқын Амантайұлымен «Teams» бағдарламасы арқылы «Дін және жастар» атты тақырыпта online кездесу өтті.

Спикер кездесу барысында студенттерге американдық әлеуметтанушы Арджун Аппадураидың жаһандық ағындарды тұжырымдау үшін енгізген ethnoscapes, technoscapes, finanscapes, mediascapes, ideoscapes элементтері арқылы мемлекеттің ішкі және сыртқы тұрақтылығына қауіп төндіретін мәселелерді жан-жақты талдады. Спикер жастарымыздың өткеннен қалған асыл мұраларды жаңғыртып, заманның талабына сай білім мен ғылымды бойларына сіңіріп, ел экономикасы мен технологиясын дамытуда барынша аянбауы қажет екенін ұғындырды. Сонымен қатар интернет кеңістігінде жастарымыздың санасын улайтын деструктивті ағымдардың негізгі белгілері түсіндірілді. Кездесу соңында студенттер спикерге сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.