Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!

2022 жылдың 21 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. Өздеріңізге белгілі, қазір ел көлемінде жан-жақты оң реформалар жүргізіліп жатыр. Ел Президенті Жолдауда бірқатар әлеуметтік-экономикалық жағдайлар ерекше қолға алынатынын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Қадірлі достар, дәл бүгіннен бастап барлығымыз Президентімізбен бірге әділетті Қазақстанды бірге құрайық!

Меруеш БАШАЙ,

«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ

Қарағанды облыстық филиалының төрайымы

 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында президенттік мерзімді 7 жылға ұзартып, өкілеттікті бір мерзіммен шектеуі еліміздің саяси жүйесі үшін үлкен жаңалық болып отыр.

Айналамызда орын алып жатқан жағдайларды есепке алған Мемлекет басшысы өздерінің әріптестеріне ұқсамай, президенттік мерзімді бір кезеңмен шектеуі елімізде азаматтық қоғам құру жолындағы үлкен қадам екені даусыз. Бұл саяси қадам арқылы биліктің жаңа әрі әділетті тепе-теңдігін орнатады деп ойлаймыз. Сонымен бірге суперпрезиденттік жүйеден арыламыз.

7 жылдың ішінде Президент қандай да бір реформаны бастаса, осы мерзім ішінде оны түпкілікті аяқтауға уақыты да жетеді. Мәселен, АҚШ, Батыс елдерінде президенттер 2 мерзім арқылы 8 жыл билікте болады. Демек, 7 жылдық бір мерзім осы стандартқа сай келеді. Жолдауда Президенттің 7 жылға сайлануы елдегі саяси тұрақтылықты сақтауға септігін тигізетінін айтқан болатын.

«Мемлекет басшысын 7 жылға сайлау Конституция нормасына сай. Себебі кезектен тыс сайлау өтпеген жағдайда, 2024 жылғы сайлауда Президент 5 жылға сайланып, президенттік мерзім 2029 жылы аяқталар еді. Ал 7 жылға биыл сайланса, онда сол 2029 жылдың межесіне жетеді», – деді Мемлекет басшысы.

Демек, Президент мерзімін 7 жылға созудағы негізгі мақсат қолға алған реформаларды аяқтау үшін жасалып отыр деп ойлаймын.

Индира ТОҚМУРЗИНА,

«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

Қарағанды облыстық филиалының басшысы