Әдеп кодексінің жаңа редакциясы

Әдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызмет жүйесінде айрықша орын алады.

Қазіргі жағдайда мемлекеттік қызметшілердің моральдық- адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды күшейту мәселелері қоғам тарапынан мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруға ықпал ететін осы саладағы заңнаманы жетілдіруді талап етті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтінішін жедел әрі тиімді қарайтын «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың ортақ міндет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның назарын мемлекеттік органдарда бюрократиясыздандыру жұмыстарын жүргізуге, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға, сервистік және клиентке бағдарланған аппарат құруға аударды.

Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтау мәселесі бойынша заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.

Жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілердің моральдық- — адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін негіз болады.

Осы тұрғыдан алғанда, Әдеп кодексінің қызметтік әдеп нормаларын дұрыс түсіну және қолдану үшін маңызды мәні бар. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңа сын-тегеуріндерді шешу Әдеп кодексінің жаңа редакциясын қабылдауға себеп болды.

Егер ескі редакцияның Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілерге қойылатын моральдық- адамгершілік талаптарды, сондай-ақ олардың мінез- құлқының негізгі қағидаттарын біріктірсе, жаңа редакцияда бұл ауытқу этикалық талаптарды мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасына қатысы жоқ өзге ережелерден бөлу есебінен жойылды.

Жаңа Әдеп кодексі қызметтік этика стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілерде моральдық- — адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру үшін негіз бола алады.

Кодексте мемлекеттік қызметтің этикалық принциптері анықталды, олар: адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану.

Айта кету керек, мұндай талаптар мемлекеттік қызметшілерге бұрынғы кодексте де қойылған. Бірақ, өзіңіз байқағаныңыздай, кодекстің жаңа редакциясында ашықтық және клиентке бағдарлану қағидаттарын сақтау бойынша басым талаптар көзделген, соған сәйкес мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толығымен бағдарлана отырып, қоғаммен жұмыс істеуге дайын болуы және өз іс-әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс.

Кодекс сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық органдарын, қызметтік әдепті бұзудың профилактикасы бойынша үйлестіруді жүзеге асыратын органдарды айқындайды.

Осы мақсатта Әдеп жөніндегі уәкілдердің, тәртіптік комиссиялар мен Әдеп жөніндегі кеңестердің бұзушылықтардың алдын алу және олардың профилактикасы жөніндегі жұмысы жандандырылатын болады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік басқару органдарының қызметі ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын атап өткен жөн.

Осы мақсатта 2016 жылдан бастап Әдеп жөніндегі кеңес және Әдеп жөніндегі уәкілдер институты жұмыс істейді, ол Әдеп кодексін бұзуға жол бермеу үшін оның алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Жалпы алғанда, осы институттар қызметінің оң нәтижелері туралы айтуға болады, өйткені жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің этикасын бұзатын және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар саны азайып келеді.

Атап айтқанда, егер 2020 жылы қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны және мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін 35 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылса, 2021 жылы 14 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылған, яғни 60 %-ға төмендеді.

Көбінесе мемлекеттік қызметшілер өз міндеттерін тиісінше орындамағаны және заңнама нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапқа тартылады.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, мемлекеттік органдардың алдында жаңа Әдеп кодексінің талаптары тұрғысынан профилактикалық шараларды жандандыру, жаңа Қазақстан құру мақсатында мемлекеттік қызметтің беделін және мемлекеттік органдарға деген сенімді жаңа деңгейге көтеру міндеті тұр.