Денсаулық саласындағы жаңа орталық
Қаламызда қант диабетімен ауыратын азаматтарға көрсетілетін медициналық қызмет ауқымы кеңеюде. Облыстық клиникалық аурухана жанынан диабетке арналған арнайы орталық ашылды. Мұнда емделушілер емханадан жолдама алып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тегін қызмет ала алады.
Диабеттік табан синдромы – қант диабетінің ең ауыр асқынуларының бірі. Бұл аяқ-қол тамырларының зақымдануымен және ампутация қаупінің жоғарылауымен байланысты. Дәрігерлердің негізгі мақсаты – мұндай асқынулардың алдын алу және науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту.
Орталық облыстық аурухананың консультативтік-диагностикалық бөлімшесі негізінде жұмыс істейді. Оның жетекшісі – медицина ғылымдарының докторы Евгений Морозов. Емделушілерге кешенді медициналық көмек көрсетіледі: қан тамырлары хирургы, эндокринолог, кардиолог, невропатолог және хирург мамандарының кеңестері мен емдеу нұсқаулықтары беріледі.
Орталыққа мынадай жағдайларда жүгінуге болады:
— аяқ-қол ангиопатиясына күдік;
— диабеттік табан синдромының белгілері байқалған жағдайлар;
— жоғары тәуекел тобына кіретін науқастарды тұрақты бақылау;
— тамырларға жасалған операциялар немесе ампутациялардан кейінгі жағдайлар;
— қант диабетінің жаңадан анықталуы;
— алдын алу тексерулер (жылына кемінде бір рет).
Орталық С. Сейфуллин даңғылы, 17 мекенжайы бойынша орналасқан.
Анықтама телефондары: (8-7212) 94-04-77, +7-778-003-71-47.
Құралай ӘЛЖАППАР,
«QH»