“DAMU KENISTIGI” коворкинг орталығы ашылды.


«Қарағанды қ. орталықтандырылған кітапхана жүйесі” КММ N15 балаларға қызмет көрсету филиалында “DAMU KENISTIGI” коворкинг орталығы ашылды. Коворкинг орталығында оқырмандар үшін жұмыс істеуге және интелектуалды демалысқа қажетті барлық жағдайлар жасалған: демалыс аймағында — үстел ойындары(тоғызқұмалақ, миллионер, шахмат) футбол, гитара, маркерлік тақта, спортпен айналысу үшін велотирнажер және пресс жасауға арналған орындық бар. Коворкинг орталығының ашылуына ҚарУ журналистика кафедрасының оқытушысы Шынар Дауренбекқызы және кітапхана оқырмандары қатысты. Сонымен қатар оқырмандар өз өнерлерін көрсетті.