COVID-19: Аймақтағы эпидемиологиялық жағдай

Коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствааралық комиссияның дерегінше, елімізде 10 тамызда індет жұқтырудың 1650 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 200 науқас Қарағанды облысының тұрғындары.

Мамандардың айтуынша, бүгінде індет қайта дендеп келеді. Сондықтан тұрғындар барынша сақтық шараларын сақтауы тиіс. Оның ішінде, вирусты тоқтатудың басты амалы — екпе алу. Бүгінде аймақ тұрғындарының 71,2 %-ы, яғни 727 227 адам вакцинаның бірінші компонентін алған. Ал, екінші компонент 679 774 адамға салынған.

2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 257 369 адам ревакцинация алды — бұл оған жататын халықтың 54,2%-ы.

2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Ағымдағы жылдың 10 тамыздағы мәліметтер бойынша 27 976 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың 56,7%.

«Ұжымдық иммунитетке» қол жеткізу үшін облыс тұрғындарының кемінде 70% егілуі тиіс екенін еске саламыз. Осыған байланысты COVID-19-ға қарсы вакцинация мен ревакцинация алуды ұсынамыз.

Өз тілшімізден