«Covid-19-ға қарсы вакцинация және ревакцинация»

22 ақпан күні Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжінің студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру тобының мүешелерінің қатысуымен «Covid-19-ға қарсы вакцинация және ревакцинация» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу мақсатында екпе бойынша ұсыныстар берілді, ұжымдық иммунитетті мүмкіндігінше тез қалыптастыру үшін өздерін және бір-бірін қорғауға, балаларды екпеден өткізу, аурулардың алдын алу бойынша ұсыныстарды сақтауға шақырылды.