Cотталғандар мен қамаудағыларды медициналық қамтамасыз ету кезең-кезеңімен азаматтық денсаулық сақтау органдарына беріледі

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев: «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сотталғандар мен қамаудағыларды медициналық қамтамасыз ету кезең-кезеңімен азаматтық денсаулық сақтау органдарына беріледі. Тиісті заңға қол қойылды.

♻️ Медициналық қамтамасыз ету биылғы жылдың 1-шілдесінен бастап 16 тергеу изоляторында және 2023 жылғы 1-қаңтардан бастап қалған 64 мекемеде берілетін болады».