Бос жұмыс орындары мен бос лауазымдар жәрмеңкесі

Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында 2022 жылдың 15 сәуірінде «Жастар» мәдениет үйінде Қарағанды қаласы әкімінің қатысуымен Металлистер көшесі, 24/2 мекенжайындағы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты — жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

Келушілерге 2000-нан астам бос жұмыс орны ұсынылды, жұмыс беруші ретінде Қарағанды қаласының 30-дан астам кәсіпорны мен ұйымы шақырылды.

Өткізілген іс-шарада 2021– 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде 178 азаматқа кенес беріліп, оның 63-іне жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді. Сондай-ақ жәрмеңкеге Қарағанды облысының Әділет департаменті, Ә. Бөкейхан атындағы аудан прокуратурасы, алимент бойынша қарызы бар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға кеңес беру үшін жеке сот орындаушылары қатысты.

Сондай-ақ бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне «Альтаир» және «Еңбек» оқу орталықтары қатысты.

Жәрмеңкеге келушілер үшін жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша, оның ішінде «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар» бағыттары бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Өз тілшімізден