Біздің күшіміз — бірлікте

Қарағанды қаласының аумағында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.

Қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық полиция қызметкерлері, қызметтің күшейтілген режиміне көшірілді. Қарағанды қаласының кіріпшығатын аумақтарына бақылау бекеттері орналастырылды.

Төтенше жағдай жарияланған кезден бастап полиция бөлімдеріне 476 адамжеткізілді, ҚазақстанРеспубликасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы, яғни «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша 353 құқық бұзушылық анықталды. Аталған баптың санкциясына сәйкес 10 АЕК көлемінде айыппұл салуды немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуды көзделген.

335 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды және 17 адам әкімшілік қамауға алынды. Төтенше жағдай кезеңінде тіркеуден өткен қарудың өзін тасымалдауға және алып жүруге тыйым салынған. Полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде, тыйым салынған құралдарды тасымалдаған 14 факті анықтады.

Азаматтардан төтенше жағдайдың барлық талаптарын орындауды және барлық күдік тудыратын сәттер бойынша қырағылық танытып, бірден 102 телефонына хабарласуларын сұраймыз.

Нағима ӘШІМҚЫЗЫ,

Қарағанды қаласы ПБ.