Биыл 5 маусымда республикалық референдум өтеді

Биыл 5 маусымда ширек ғасырда тұңғыш рет елімізде Конституцияға енгізілетін жаңа өзгерістер мен толықтырулар бойынша республикалық референдум өтеді. Президенттің бұл шешімі «халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясына сай, оның міндеті – қоғамды саяси өзгерістер төңірегінде біріктіру. Референдум – азаматтардың өз еркін тікелей білдіруіне мүмкіндік беретін ең демократиялық амал. Әйтсе де енгізілгелі жатқан түзетулер мен толықтырулар туралы жұрттың кеңірек білгісі келетінін байқап әрі заңи терминдердің қиындығын ескеріп, қазақ және орыс тілдерінде қысқаша роликтерде Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мәнін баяндауды жөн көрдім. Осылай аудиторияға реформа бойынша бағыт-бағдар сілтегім келді.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин

@referendum2022_kz