Бірге жақсылық жасайық

25 қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған «Бірге жақсылық жасайық» челленджіне 6505 әскери бөлімінің 4 атқыштар батальонының сарбаздары қатысып, Агрогородок ауылының тұрғындарына көмек қолын созды.

4 атқыштар батальон командірінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жөніндегі орынбасары капитан Айдос Ахметов — Ұлттық Ұлан сарбаздарының басты мақсаты- ел тыныштығын сақтау ғана емес, сонымен қатар мұқтаж жандарға қол ұшын созуға әрқашан дайын екенін айтып осы челендж әрі қарай жалғастыруымыз қажет екенін білдіріп, біздің сарбаздар үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қажет екендігін жақсы түсінеді деп сөзін аяқтады.

Еліміздің көмекке зәру әрбір азаматына қолғабыс жасауды өздеріне міндет етіп қойған. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан сарбаздарының беделі биік, абыройы асқақтай берсін, деп ауыл тұрғындарынан алғыс алды.