Бір реттік президенттік мерзім енгізу – саяси жаңару

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауындағы бағыттар шынында қоғамға тың серпін берді.

Соның маңыздысы – Президент өкілеттігі мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу. Бұл – саяси жаңару, билікте монополияның алдын алу және суперпрезиденттік жүйеден түпкілікті кету.

Президент мемлекеттің басты байлығы халық екенін, халық сенімі бәрінен жоғары екенін баса айтты. Ендеше ел күткенді еңсерген реформалар жаңа қадамға бастайды.

Президенттің 7 жылға сайлануы қазіргідей геосаяси жағдай ушығып тұрғанда елдегі тұрақтылықты сақтауға да септігін тигізеді.

Жалпы, бір реттік президенттік билік әлемде 100 жылдан астам уақыттан бері қолданылып келеді. Израиль мен Арменияда 7 жыл, Мексикада 6 жыл, Оңтүстік Кореяда 5 жыл. Мұндай бастама Францияда да талқыланған екен. Яғни бұл тәжірибе кең таралып қана қоймай, кеңеюге бейім.

«AMANAT» айрықша жауапкершілік пен зор сенім артқан партия ретінде бастаманы қолдап, қоғамның күш-жігерін ілгері басу үшін жұмылдырады.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ,

«Amanat» партиясының

Қарағанды облыстық филиалының

атқарушы хатшысы