Бір кәсіптің тарихы

Қарағандылық Салтанат Шайыхова үш баланың анасы. Жасы – 45-те. Пандемия кезінде жұмыссыз қалып «Бизнес бастау» жобасына қатысқан. Тігіншілікке жаны жақын әйел Үкіметтен 200 АЕК мөлшерінде яғни 583400 теңге грант ұтты. Ол қаражатқа үш түрлі тігін машинасын сатып алған. Қазір киімдерді реставрациялайтын жеке ательесі бар. Кәсіпкер болашақта ер адамдарға арналған киімдер топтамасын шығарамын деп жоспарлап отыр. «Бизнес бастаумен» армандар орындалады, – дейді кейіпкеріміз.