Биікті бағындырған

Эверест шыңына естелік ретінде сықпа құрт қалдырып кетті. Алғаш рет қарағандылық әйел әлем шыңын бағындырды. Жер бетіндегі ең биік тауға шыққан әуесқой альпинист Жәмилә Баширова. Адамдардың өліміне себепкер болған Эвересті бағындырудағы мақсаты қандай?

– Меніңше, бұл тауға барып, шыңына шығу кез-келген адамның арманы. Ең биік тауға шығуды ойлап, 2022 жылы мен мұны жасай аламын деген ойға келдім, – дейді Жәмила Баширова.

Жәмила ешқашан спортшы болған емес. Алғаш рет пандемия кезінде тауға шыққан. Содан сол жаңа хоббиі оған ұнап, биікке өрмелеуге әуестене бастаған. Кейін Алматы тауына барып, содан кейін Қырғызстандағы Ленин шыңына шыққан, кейін Канада және сайып келгенде Тибет пен Непал арасындағы Эверест шыңын бағындырып отыр. Эвересте 300-ден астам альпинистің қаза тапқаны Жәмиланы қорқытпады. Бұл өте қымбат естелік болды. Ол демеуші таппаған соң пәтерге деп жианаған қаржысын жұмсады. Өрмелеудің өзі 65 мың доллар тұрады, сонымен қатар гидтердің қызметтерімен байланысты шығындар үшін 10 мың америка ақшасы. Бірақ 8 300 метр деңгейге көтеріліп, Жәмила желдің әсерінен кері қайтуға мәжбүр болды.

– Мен жыладым, үйге қайтамыз деп ойлап жаман болдым. Катмандқа 9:43-те ұшып келген біздің жақын досымыз, бізге ескертті. Жігіттердің екінші әрекеттерінде мүмкіндігі бар деді. Екінші әрекет ол тегін болмады. Алдымен олар бұл саяхат 5 000 доллар тұрады деп айтты, нәтижесінде оттегінің өзі 23 000 доллар болды. Менің екінші әрекетіме ақша болған жоқ. Алайда менің досым Александр Бахман маған сыйлық ұсынды, ол қазір Германияда тұратын этникалық неміс. Бірақ Қостанайда дүниеге келген. Менде ақша жоқ екенін көріп, бірақ менің алға қойған талабымды ескеріп, ол маған екінші әрекетке 23 000 доллар берді, – дейді Жәмила Баширова.

Нәтижесінде Жәмила Баширова әлемнің ең биік шыңына – 8848 метрге көтерілді. Түнде оттегі маскасымен жүріпті. Келіншектің айтуынша, шыңдағы температура минус 40-45 градус. Тіпті телефонды шығарып, суретке түсіру өте қиын болған, өйткені киім мұздап кеткен. Ол ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында қазақтың сықпа құртын Эвересте қалдырған.

– Мен бұл саяхатқа тыңғылықты дайындалдым, бұл өте қиын және ауыр болды. Мен барлық күшімді салдым. Біз сол жерге түнгі сағат 3:00-де келдік. Ештеңе көрінбейді. Мүлдем қараңғы болды, – деп еске алады ол.

45 жастағы Жәмила сүт зауытында технолог болып жұмыс істейді. Оған дейін Қазақстанның үш тұрғыны ғана Эверестке көтерілді, біреуі тіпті – Кеңес заманында болған. Алайда, альпинист ешкіммен бәсекелескісі келмейді. Және жаңа жорықтарды жоспарлайды. Ол тауларда мүлдем басқа энергия, сұлулық және өзін-өзі қанағаттандыру сезімі бар екенін айтады.

– Сіз шыңды бағындырып, толығымен төмен түскенде, бұл – керемет сезім. Сізге бәрі қиын, өйткені түсу әлдеқайда ауыр, көтерілуде оңай емес, күш аз және сіз бірнеше сағат ұйықтамайсыз. Он екі немесе он бес сағат жүресіз. Мен оны еш нәрсемен салыстыра алмаймын, бірақ бұл шынайы – бұл сіздің жұмысыңыздан ләззат алу сезімі, – дейді шыңға өрмелеуші.

Жұпар АМАНБАЙҚЫЗЫ, «QH»