Белсенді өмір орталығы ашылды

Қаламызда зейнеткерлердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған тағы бір Белсенді ұзақ өмір орталығы ашылды. Енді Пришахтинск зейнеткерлері бос уақыттарын қызықты әрі тиімді өткізе алады.

Жасы келген қарағандылықтар үшін қызығушылықтары бойынша үйірмелер ашылды. Скандинавиялық жүріс, қазақ және ағылшын тілдерінде сабақтар, үстел ойындары (дойбы, шахмат және домино) бар. Орталықта заңгер мен психолог кеңесін алуға болады.

Сонымен қатар театрлар мен мұражайларға тегін сапар ұйымдастырылады.

– Қазірдің өзінде 30-ға жуық адам жазылды. Тілек білдірушілер одан да көп. Егде жастағы адамдар қарым-қатынасты қажет етеді. Уақыт өте келе біз үйірмелер мен секциялар санын көбейтеміз, түрлі мастер-класс өткіземіз, – деді әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Гүлнар Қалиева.

Орталыққа жазылу үшін өтініш, сондай-ақ зейнетақы және жеке тұлға жөніндегі куәліктерінің көшірмелері қажет.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы «Молодежный» мәдениет үйінде (Металлист көшесі, 24/2) орналасқан.

Байланыс телефоны: +7-705-121-53-93.

Толығырақ Instagram парақшасында: @cad_krg_2022.

Қала әкімінің баспасөз қызметі