Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.