Батальон командирлері сыналды

9 мен 11 наурыз күні Қарағанды қаласында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының батальон командирілерімен оқу-әдістемелік жиын өткізілді.

Аталмыш жиынға СҚО, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында орналасқан Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің әскерилері қатысты.

Үш күн аралығында сардарлар нысанаға Калашников автоматы, пулеметі, Драгунов мергендік мылтығынан ату, БТР-ден нысанаға ату, қоян-қолтық ұрыс тәсілдері, 100 метрге жүзу, шаңғымен 3000 метрді уақытқа бағындыру сынды сынақтардан өтті.

Жарыс қорытындысы 11 наурыз күні Орталық өңірлік қолбасшылығында генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбековтің жеке құрамды марапаттап, құттықтау сөздерімен тәмамдалды.

ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.