БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА

15 мамыр сағат 09.30-дан 12.00-ге дейін «City Mall» сауда үйі (Бұқар-Жырау даңғ., 59/2) мен К.Байжанов атындағы концерттік ұйымының Қарағанды циркі (Комиссаров көш., 45) жағдайында лаңкестік белгілерге шұғыл әрекет ету бойынша оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу жоспарлануда.

«City Mall» сауда үйі мен Қарағанды циркі ғимараттарында шектеулер қарастырылған.

Воинов-Интернационалистов және Комиссарова көшелерінің қиылысында «City Mall» сауда үйі мен Қарағанды циркі ғимараттарының аймағында көлік қозғалысы тоқтатылады.

Осыған орай, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жала ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз.

 

Қарағанды облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы