Бас прокурор: Қаңтар оқиғасы кезінде шабуыл жасағандарға қарсы оқ Президент тапсырма бергенге дейін ашылды

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілісте 2022 жылдың 5 қаңтарында сағат 16.00 шамасында күш құрылымдары президент резиденциясын қорғау кезінде алғаш рет әскери қару қолданғанын айтты


Оның сөзінше, 5 қаңтарға қараған түні шабуылшылар Алматы әкімдігінің ғимаратына баса-көктеп кіріп, тура бір сағаттан соң Шымкент әкімдігінің ғимаратына шабуыл басталған. Дәл осы күні сағат 15:00-де қылмыскерлер Атырау мен Қызылордадағы облыс әкімдіктерінің ғимараттарынабаса көктеп кірген. Шамамен осы уақытта Алматыда шабуылшылар әкімдікке от қойып, президент резиденциясының ғимаратына қарай ауысқан.
Анна, Қорған және Алпамыс аңшылық дүкендері тоналды, сосын қылмыскерлер алаңға көлікпен қару-жарақ жеткізіп, наразылық білдірушілерге, президент резиденциясы маңындағы бұзақыларға тапанша тарата бастады. Содан кейін қаруды полицияға шабуылды тойтару кезінде пайдаланды. Ғимараттарды, әкімдіктерді және басқа да объектілерді, яғни тәртіпсіздіктер зорлық-зомбылық фазасына өткенде тағы қолданды. Одан кейін қалаларды қарулы содырлардан «тазарту» кезінде. Яғни шабуылдаушыларға қарсы оқ Президенттің тапсырмасынан бұрын ашылған.
Дәл осындай қауіпті жағдай қаңтардың 5-і күні түстен кейін басталып, 8-іне дейін – жағдай локализацияланғанға дейін сақталды.
Оқи отырыңыз
Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қанша қару әлі табылмай отыр
Камчаткадағы Шивелуч жанартауынан атқылаған күлдің биіктігі 7,5 мың метрге жетті
Петропавлда өрттен ер адамды құтқарған студент марапатталады