БАР МӘСЕЛЕНІ БІРЛЕСІП ШЕШУГЕ ДАЙЫНБЫЗ

Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ «Qaragandy habary» газеті тілшілерінің сұрақтарына жауап берді. Шаһар басшысы қала тұрғындарын мазалаған өзекті мәселелер мен жүзеге асып жатқан жобалар туралы ойымен бөлісті.

 

— Ермағанбет Қабдұлұлы, Қарағанды қаласында қандай күрмеуі қиын, шешуін күткен мәселелер бар?

— Октябрь ауданын көлбей өткен жол құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Майқұдықтағы Магнитогорск көшесін бойлаған жөндеу жұмыстары күзге дейін жалғасады. Биыл 12 км-ге созылған жол құрылысы толық аяқталады. Келесі жылы жол бойында жарық шамдарын орнату, абаттандыру жұмыстары жасалады. Қала тұрғындары үшін тағы бір өзекті мәселе — қоғамдық көлік.

Қала тұрғындары автобустардың уақытында жүрмейтіндігіне, микроавтобустардың шектен тыс жолаушы мінгізетіндігіне үнемі шағымданады. Мәселен, Майқұдықтан қалаға жүз мыңға жуық адам таңертең жұмысқа келеді. Оның жетпіс пайызы автобуспен шығады. Жолаушылар тасымалының талапқа сай болмауына кәсіби жүргізушілердің жетіспейтіндігі де себеп. Электрондық билеттеу ісі де біз күткен үмітті ақтамады. Жақында, қалалық автопарктер меморандумға қол қойды. Қызмет көрсетуші алматылық «Оңай» фирмасы болады. Олар барлық автопарктермен тиісті келісімдерге қол қойды. Қазір валидаторларды орнату және аудитқа байланысты техникалық мәселелерді шешіп жатыр. Қарағандыда электронды билеттеу жүйесін «Smart Card» ЖШС енгізуі тиіс еді. Компания жұмысты 2015 жылы бастады. Валидаторларды орнатып, карточкаларды сата бастады, бірақ жаңа проблемалар туындады, шот банк арқылы толтырылмады, ақшаны дүкендерде орнатылған компанияның терминалдары арқылы ғана жіберу керек болды. Қаражат шотқа бір күннен кейін ғана түсті. Бізге тек қаржы бойынша ғана емес, сонымен қатар бағыттар, сыйымдылық бойынша да сараптама жүйесі қажет болды. Бұл ақшаның қайда кететінін түсіну үшін біз субсидияларды қадағалап отыруымыз керек еді. Әлеуметтік жол жүру бидетіне иесінің фотосуреті жапсырылады. Яғни туысының жол жүру билетін басқала пайдалана аламйды. Қарағандының қоғамдық көліктерінде жол жүру карточка бойынша 80 теңге және қолма-қол ақша үшін 150 теңге болады.

Құрылыс объектілері — қарағандылықтар үшін ерекше тақырып. «Трилистник» ТК тұрғындары баспаналарына уақытында қоныстана алмады. «Трилистник» тұрғын үй кешенін салатын компанияларға шығындарды өтеу үшін коммерциялық тұрғын жай салу үшін 25 қабат салуға рұқсат етілді. Бюджеттік пәтердің шаршы метрі 140 мың теңге — бұл қазіргі нарық үшін тым төмен баға екені белгілі. Дегенмен біз баға өспейді деп шештік. Пәтердің шаршы метрі 140 мың теңге күйінде қалды.

Қала тұрғындары шағымдарының басым бөлігі абаттандыруға байланысты орын алып жатыр. Әкімдікте кейбір мәселелер бойынша жұмыстар қайта құрылды. Мысалы, енді аудандардағы тазалықты аудандық әкімдіктер қадағалайды. Олар қар, қоқыс жинаумен, скверлер мен жолдарды тазалаумен айналысады. Бізде қалалық бөлімдер бұл жұмыстардың барлығымен бір мезетте толық айналысуға үлгермеді, сондықтан бұл тәсілді өзгерту керек деп шештік. Аудан әкімдері бақылауға алуы тиіс. Біз бірнеше мердігерлік ұйымдарды жалдап, қоқысты тазарту жұмыстарын қадағалауға алдық. Біз келісімшарттарды үш жылға жасастық – бұл әлдеқайда ыңғайлы: біз де, компания да жұмысты қалай жоспарлауды білеміз, компания келесі жылы қаржыландыруға кепілдік береді. Байқаулар кезінде қала біраз уақыт қоқыстан тазаланбай қалды. Келісімшарт бойынша кез келген компания жабдыққа несие ала алады. Бұдан басқа, әкімдіктерге ірі көлемді қоқыс – ескі жиһаз, құрылыс материалдары, қоқыс тасығыштарға кірмейтіндердің барлығын шығаруға шарт жасасуға тура келді. Қала тұрғындары өз қоқыстарын өздері шығарғысы келмейді және алаңдарды толтырып тастайды. Осыдан кейін, қоқыс тарифін көтеруге тура келді. Бірақ біз олардың барлығына өз қызметкерлерінің жалақысын көтеріп, жаңа техника сатып алынсын деген шарт қойдық. Жалақының төмен болуына байланысты оларда қызметкерлер жетіспейді. Негізінде, бұл бәсекелестік орта. Бұл орынды иеленгісі келетіндер аз емес

Бізде қаладағы көшелердің басым бөлігі жарым шамдар орнатылмаған, 700 көшеде жарықтандыру ешқашан болған емес, барлығы қаржыға келіп тіреледі. Мәселен, 40 көшеге жарық қою үшін 3 млрд теңге қажет.

— Шешуін күткен мәселелер әлеуметтік желілер арқылы барлығымызға аян. Ал енді қалада сәтті қолға алынған қандай жобалар бар?

— Жақын арада Майқұдықтағы саябақты кең көлемде жаңғыртуды бастаймыз. Қазақстанның 50 жылдығы атындағы саябақ жөнделеді. Бүгінгі таңда эскиздік жоба әзірленді. Паркте жүгіруге арналған жолдар, спортпен айналысуға арналған жеке аймақтар, велотрасс, балалар алаңдары болады, жаңа шағын сәулет нысандары орнатылады. Соңғы 15 жыл ішінде онда күрделі жөндеу жүргізілмеген. Бүгінде саябақтың жобалық құжаттары жасалды. Саябақты жаңғырту жобасын жасаған сәулетші өте тәжірибелі, ол, елорданың мерейтойына қарағандылықтар сыйға тартқан Нұр-Сұлтандағы көпірдің жобасын жасаған. Біз оған саябақты бірнеше аймаққа бөлу міндетін қойдық: тыныш аймақ, ашық алаң және аттракциондары бар аймақ, кафелер. Саябақ тек жазда ғана емес, қыста да жұмыс істейді. Мұз айдыны мен шаңғы тебетін орын болады. Сондайақ, қолданыстағы жол жабындарын ауыстыру қарастырылған. Бас алаңда беседкалар мен қоғамдық тамақтану пункттерін жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі жасыл желектерді ретке келтіріп, аумақты көп жылдық гүлдермен, бұталармен қосымша көгалдандырамыз. Біз саябақты жөндеуді биыл бастаймыз, жалпы бұл жобаны жүзеге асыру 2 жылға созылады. Сондай-ақ, 2021 жылы Майқұдықта 10 футбол алаңы салынады.

Жаңа трансформаторлық қосалқы станцияларды ауыстыру және салу, сондай-ақ жеке компанияларға тиесілі барлық электр желілері желілерін қайта қарау жоспарда. Жыл соңына дейін жаңғырту Тихоновка ауданына, жаңа өзенге, сондай-ақ Майқұдық пен Сұрыптау бөлігіне қатысты. Өздеріңіз білетіндей, көптеген желілер тозған. Сондықтан біз «Қарағанды Жарық» ЖШС-мен бірлесіп, жабдықтарды жаңғырту бойынша тығыз жұмыс істейміз. Олар инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Биыл 153 трансформаторлық қосалқы станцияны жөндеу жоспарлануда. Қазір Пришахтинскіде жөндеу аяқталды. Тихоновка мен жаңа Узенка ауданы бізді қатты алаңдатады. Жыл соңына дейін біз осы аудандарда электрмен жабдықтауды тұрақтандырамыз деп үміттенемін. Сондай-ақ Майқұдық пен Сұрыптаудың төменгі бөлігінің тұрғындары тарапынан үлкен шағымдар бар. Шынында да, барлық желілер тозған. Оның ішінде бұл жеке желілермен де байланысты. Сондықтан, биылдан бастап барлық электр желілерін толық тексеру басталды. Сондай – ақ, бүгінгі таңда 15 жаңа трансформаторлық қосалқы станциялардың құрылысы және ескі электр беру желілерін жаңа кабель желілері — өздігінен жүретін оқшауланған сымдарға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Уәде бергендей, Сұрыптауда су құбыры желісінің құрылысы басталды, оны аяқтау қорытындысы бойынша 1000-ға жуық жергілікті тұрғын орталық сумен қамтамасыз етілетін болады. Осы жұмыстарды орындау жылу шығынын азайтуға және осы ауданда жылумен жабдықтау сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Жұмыс кентінде ұзындығы 15,8 км су құбыры желілері салына бастады, мұнда ешқашан орталық сумен жабдықтау болмаған, құрылыс қорытындысы бойынша кенттің 16 көшесі орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі, бұл шамамен 1000 тұрғын.

Бүгінгі таңда Қарағандыда 112 шақырымдық желіде жылу оқшаулау жүйесі жоқ. Осы проблеманы ескере отырып, 2020 жылы жылу оқшаулауын қалпына келтіру жобасы әзірленді, ол мемлекеттік сараптамадан өтті. Осы жобаны іске асыруға қаржыландыру кезең кезеңмен жүргізілетін болады және бірінші кезекте қаражат жылу желілерінің неғұрлым проблемалы учаскесіне бағытталады. 2021 жылғы жылу беру аралық кезеңінде бірінші кезеңде Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Сұрыптауға апаратын магистральдық желіде диаметрі 530 мм 16 км жылу оқшаулау қалпына келтіріледі. Жылу оқшаулағыш құрылымы шыны талшықты жақтауға орнатылған және бекітілген сегменттерге бөлінген базальт тақталарынан тұрады. Мұндай технологияларды қолдану ұзақ мерзім мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, өйткені бұл жылу оқшаулау осы материалды ұрлаумен айналысатын жандар үшін құнды емес. Осы жұмыстарды орындау Сұрыптау мен Пришахтинск кентін жылумен жабдықтау сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Жылу шығынын 5,27 Гкал/сағ, температураны жоғалтуды 13- 15⁰с — қа төмендетуге мүмкіндік береді.

Қарағандыда көшеттер отырғызу қарқынды жүруде. Қазыбек Би ауданында 800-ге жуық көшет, Октябрь ауданында 900-ге жуық ағаш отырғызылды. Жалпы, биыл қала билігі 30 мыңға жуық ағаш отырғызу міндетін қойып отыр.

2021 жылы Қарағандыда «ақылды бағдаршамдар» пайда болады және жол белгілерін жаңғырту басталады. Биыл кезең-кезеңімен «ақылды бағдаршамдарды» енгізетін боламыз, бұл көшелердің өткізу қабілетін арттыруға, қозғалыс кезінде жайлы орта құруға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай жүйе қазірдің өзінде Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістанда жұмыс істеп жатыр және оң нәтиже берді. Біздің қаламызда «ақылды бағдаршамдар» Магнитогорскі — К.Маркс көшесінде, 7 магистральда және одан әрі басқа жолдарда енгізілетін болады. Сондай-ақ, үш жыл ішінде 6 бағдаршам нысанында толық реконструкция жүргізуді жоспарлап отырмыз және 6 жаңа бағдаршам орнатамыз. Біз ескірген жол белгілерін ауыстыруды және жаңа жол белгілерін орнатуды қарастырдық. Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде «белсенді жаяу жүргіншілер өткелі» мен жасанды жол кедір — бұдырларын орнатуды жалғастырамыз.

— COVID-19 вирусына қарсы вакцинациялау ісі қандай деңгейде жүргізілуде?

— Халықты COVID-19 вирусына қарсы вакцинациялауға шақырамын. Бүгінде қарағандылықтардың 20%-ы екпе алды, алайда санэпидбақылау шектеу енгізуді тоқтатуы үшін бұл көрсеткіш жеткіліксіз. Біз вакцинациялауымыз керек. Мен өзім вакцина алдым, әкімдік қызметкерлері де вакцина алып жатыр. Біз вакцинацияланбайынша, ұжымдық иммунитет қалыптаспайынша, бізде инфекцияның толқын тәрізді секірулері болады, бұл локдаунға және объектілердің жабылуына әкеледі. Өткен жазда қаладағы барлық ауруханалардың толып кеткенін білесіздер, біз ол жағдайдың қайталанғанын қаламаймыз. Қазір басқа елдерде эпидемиологиялық жағдай нашарлап бара жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратына сүйенсек, Мәскеуде күн сайын коронавирустан 400-ден астам адам қайтыс болады. Қазір қарағандылықтардың 20% — ы вакцинацияланды. Вакцинацияның барлық пункттері жұмыс істейді, вакцина мүлдем тегін. Сондықтан мен халықты вакцинация алуға шақырамын.

 — Сұхбат бергеніңізге рахмет.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА