Баланың денсаулық паспорты электронды форматқа көшіріледі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыстың шеңберінде баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа көшіру жобасын әзірледі. Ата-аналар бұл құжатты бірінші сыныпқа түскен кезде міндетті түрде мектепке ұсынады, бұл жыл сайын 380 мыңнан астам баланы құрайды.
Ата-аналар үшін электронды паспортты енгізу қағазбастылықты азайтуды және eGov Mobile және eDensaulyq электрондық қызметтері арқылы балаларының денсаулығы туралы ақпаратқа қол жеткізуді білдіреді. Білім беру мекемелері оқушылардың денсаулық жағдайы туралы өзекті деректерді жедел ала алады, олар емханаларда медициналық тексеруден кейін автоматты түрде берілетін болады.
Қағаз форматындағы құжат жиі жоғалып кетті немесе кейбір маңызды дерек сақталмады. Осы проблемаларды шешу және емханалардағы кезектерді қысқарту үшін баланың денсаулығының электрондық паспорты әзірленді.
Ақпараттық жүйелерді тестілеу кезінде денсаулық сақтау министрлігі 72 электрондық бала денсаулығы паспортын (052-2/у нысаны) қалыптастырды. Электрондық паспортты еGov Mobile-мен біріктіру процесін осы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда.
Баланың денсаулық паспорты – денсаулықты нығайтуға, аурулардың алдын алуға және емдеуге бағытталған алдын алу шаралары туралы ақпаратты қамтитын негізгі құжат.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты негізінде