Балалар жылы аясында Қарағандыда жаңа футбол алаңы ашылды!

✅Ермеков көшесінде орналасқан “AMANAT ARENA” спорт кешеніндегі төбесі жабық алаң жылдың 4 мезгілінде де жұмыс істей береді.

Алаңға арнайы Бельгияда жасалынған төсеніш төселді, енді алаң Әлемдік стандартқа сәйкес.

Футбол алаңын салудағы басты мақсат – жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

⚽️Спорт кешенінің ашылуына орай “AMANAT CUP” турнирі ұйымдастырылып, жеңгендерге кубоктар мен бағалы сыйлық табыстайды.

✅Айта кетейік, көп балалы және аз қамтылған отбасының балалары үшін жаттығу тегін болмақ.