Балабақша бағасы өсті

Қарағанды қаласының білім бөлімі шаһардағы мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтану төлеміне өзгеріс енгізілгенін мәлімдеді.

Тамақтану ақысы 2020 жылдан бері өзгерген жоқ еді. Алайда, биыл азық-түлік бағасы 2020 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Қаржылай қиындықтарға байланысты қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық нормаларға сәйкес балаларды толық тамақпен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан тамақтану ақысы 3000 теңгеге артады.

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтану үшін ата-аналар 3 жасқа дейінгі топтарда – 16000, 3 жастан асқан топтарда – 17000 теңге төлейді.

Негізгі құжат – Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 53/01 қаулысы.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА