«Байтақ» жасылдар партиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысады.

«Байтақ» жасылдар партиясының басты міндеті экологияны қалпына келтіру, тұрғындарды таза ауамен қамтамасыз етіп, қауіпсіз қоршаған орта мен өзге де әлеуметтік құқықтарға жол ашу болып табылады.


Біздің ұранымыз: “таза ауа, таза су, таза жер-таза адами қарым-қатынас!»
Біздің талаптар: Қазақстан халқы мен табиғатына келтірген залал өтелуі тиіс, елдің байлығы халыққа тиесілі.
Біздің мақсатымыз: өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау биологиялық әртүрлілікті сақтау, Табиғи ресурстарды орынды пайдаланудың жалпы әлемдік қағидаттарын енгізу, табиғатты қорғау, инновациялық технологияларды енгізу және қоршаған орта саласын цифрландыру, балалық шақтан бастап халықта табиғатты қорғау санасын тәрбиелеу.
ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына кезектен тыс сайлауын өткізуді елдің экологиялық жауапкершілік саясатын өзгерту мүмкіндігі ретінде қарастырамыз.