Қ. Байшолақовты еске алуға арналған турнир өтеді

Ағымдағы жылдың 28-29 наурызы аралығында, Қ.Байшолақов атындағы спорт кешенінде, Қарағанды қаласы әкімінің жүлдесіне, қазақ күресінен, бірінші ересек дәрежеден төмен емес, 18 жастан үлкен спортшылар арасында, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қ. Байшолақовты еске алуға арналған турнир өтеді. Аталған турнир республикалық жарыстар күнтізбесіне енгізілді.
Турнирдің салтанатты ашылуы 2022 жылдың 28 наурызында, сағат 12.00-де Қ.Байшолақов атындағы спорт кешенінде өтетін болады. Жарысқа 250 кем емес республиканың үздік спортшылары қатысады деп болжамдалып отыр.
Шараның басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерін дамыту әрі насихатау.
Аталған турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктермен, медальдермен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, шараның құрметті қонақтарына естелік сыйлықтар табысталады. Турнир 8 салмақ дәрежесінде өтеді: 55 кг, 60 кг, 66 кг, 74 кг, 82 кг, 90 кг, 100 кг, +100 кг.
8 салмақ дәрежелері бойынша жүлде қоры келесі:
I орын – 150 мың тг.
II орын – 100 мың тг.
III орын – 50 мың тг.
Жарыс мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткізіледі. Тапсырыс беруші: «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлім» ММ.
Анықтама телефоны: + 77015353507 жарыстың бас төрешісі Мақсат Ахметбеков.