«Бақытты отбасы» бағдарламасына онлайн-өтінімдер қабылданады

12 сәуірден 26 мамырға дейін https://hcsbk.kz сайтында «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін онлайн-өтінімдер қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, оған тек әкімдікте келесідей санаттар бойынша кезекте тұрғандар ғана қатыса алады:

— көпбалалы отбасы;

— мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;

— толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде үш жыл өтуі керек).

Есепке қойылған жылына қарамастан, кезектегілердің аталған барлық санаттары бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады.

Өтінімдер 45 күн ішінде қабылданады. Содан кейін жүйе автоматты түрде қатысушылардың негізгі және резервтік тізімдерін жасайды.

Өтінім беру үшін сәйкестендіру кодын алу мақсатында ЖСН мен ұялы телефон нөмірін көрсету талап етіледі.

Конкурс қорытындыларын 27 мамырдан кейін банктің сайтында өтінім нөмірі бойынша көруге болады.

Толық ақпаратты «Отбасы Банкінің» Instagram-дағы парақшасынан алуға, сондай-ақ 300 нөміріне (ұялы телефоннан) кеңес алуға болады. Банктің мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 57/1.