Бүгін а.ж. 12 қаңтар күні Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» студенттері арасында онлайн кездесу өтті

Бүгін а.ж. 12 қаңтар күні ақпараттық-түсіндіру тобы « Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» студенттері арасында Covid-19 қарсы екпесі туралы онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында екпенің қажеттілігі, мерзімі, дәрігерлердің екпе кезіндегі іс-әрекеттері, Covid-19 қарсы екпе, коронавирусты алдын алу туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу барлығы 98 адам қатысты.