«Қазыбек би» мешітінде ұлттық кітап күніне орай көрме өтті
23- сәуір Ұлттық кітап күніне орай Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Мүфтият баспасынан жарық көрген кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды.
Аталған еңбектерді дін жанашырлары мешітке уақып ретінде табыстаған.
Көрмеге мешіт шәкірттері мен жамағаты қатысып, діни-танымдық әдебиеттермен танысты. Шара барысында мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы уақыптың мән-маңызына тоқталып, оның қоғамдағы рухани дамуға қосатын үлесін кеңінен түсіндірді.
Іс-шара соңында мешіт жамағатына арнап берекелі дастарқан жайылып, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.

