Қазтұтынуодағы Қарағанды экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің студенттері арасында Covid-19 қарсы екпесі туралы онлайн кездесу өтті

Бүгін а.ж. 23 қараша күні ақпараттық-түсіндіру тобының Қазтұтынуодағы Қарағанды экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің студенттері арасында Covid-19 қарсы екпесі туралы онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында екпенің қажеттілігі, мерзімі, дәрігерлердің екпе кезіндегі іс-әрекеттері, Covid-19 қарсы екпе, коронавирусты алдын алу туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу Барлығы 102 адам қатысты.