Қазбек Майгелдинов Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Қазбек Өмірзақұлы Майгелдинов «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалды.
Қазбек Майгелдинов Жезқазған университетінің «Тарих» мамандығын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Құқықтану: экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығын және Қазақ ұлттық университетінің «Археология және этнология» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.
2021 жылы Еуразия ұлттық университеті «Саясаттану» мамандығы бойынша докторантураны бітірген, PhD докторы.
ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен басқа да қызметтерді атқарған.
2019 — 2021 жылға дейін Еуразиялық интеграция институтының ғылыми зерттеулер және талдау орталығының басшысы қызметін атқарды.
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Қоғамдық процестерді зерттеу орталығының» басшысы ретінде жұмыс істеген.
@aqparatqogam